thumb|Зауропосейдон thumb|left|Зауропосейдон Зауропосейдон — жерді мекендеген ең биік динозавр. Ол шамамен 110 миллион жыл бұрын Бор кезеңінің ылғалды және жылы аймақтарында өмір сүрген. Ғалымдар оның көлеміне нақты анықтама бере алған жоқ. 1994 жылы АҚШ-тың Оклахома штатынан Бобби Кросс атты ғалым динозаврдың бірнеше сүйегін тапқан. Зауропосейдон атауы теңіз билеушісі деген мағына береді. Ол шөппен қоректенген. Салмағы — 60 тонна, бойы — шамамен 20 метр. Динозаврлардың қазба тарихында зауропосейдон бойынан бұрын мойыны ұзын динозавр ретінде тануға болады. Қызықты дерек Омыртқа сүйектерінің әрқайсысының ұзындығы 1,2 метрге дейін барған. Омыртқасы жануардың мойынан гөрі ағаш діңіне көбірек ұқсаған. Шамамен 65 миллион жыл бұрын біржола құрып кеткен. Мәліметтер Қорегі : өсімдіктер Салмағы : 60 тонна Тұқымдас : Бронхиозаврид Отряд тармағы : Зауроподоморф Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер

Санат: Динозаврлар Санат: Зоология