Маттиас Якоб Шлейден (; 5 сәуір 1804 — 13 маусым 1881) — неміс ботанигі. Гейдельберг университетін бітірген (1827). 1839-1862 жылдары Иена университетінің ботаника профессоры. Осы университеттің ботаникалық бағының директоры (1850). 1863-1864 жылдары Ресейде Дерпт университетінің антропология кафедрасының меңгерушісі. Оның "Основы научной ботаники" (1842-1843) т.б. ғылми еңбектері ботаника ғылымын одан әрі дамытуға, жануарлар мен өсімдік клеткалары құрылысын, өсімдік морфологиясын зерттеуге арналған. Ол идеалистік натурфилософия ілімін сынады. Оның бірқатар ғылми еңбегі орыс тіліне аударылды.
Дереккөздер
Қазақ Совет Энциклопедиясы
Санат:Германия ботаниктері Санат:Ботаникалық таксондар авторлары