Ерғали Есжанов (1864, Атырау облысы Теңіз ауданы (қазіргі Құрманғазы ауданы) – 1949, сонда) – домбырашы, күйші, Құрманғазының шәкірті.
Ауыл мектебінде мұсылманша білім алғаннан кейін, Ерғали Есжанов Астрахан гимназиясында оқыды. Алайда, оқуды күнкөріс қамына байланысты бітіре алмай, Астраханда балық кәсіпшілігінде жұмыс істеді. Құрманғазыны Мақаш Бекмұханбетұлымен таныстырып, сол арқылы оның бостандыққа шығуына көмектеседі. Түрмеден қашқан Құрманғазыны үйіне паналатып, одан бірқатар күйлер үйренеді. Ал Құрманғазының түрмеде бірге бас сауғалаған досы қалмақ Саранжапты еліне жеткізуге қол ұшын берді. Құрманғазы Ерғалиға достықтың белгісі ретінде өз домбырасын сыйлаған. Есжанов ол домбыраны 1941 жылы Сталинград түбінде ұрысып жатырған сүйікті немересі, әрі шәкірті Ізбайырдың артынан барғанда ала барып, жауынгерлерге күй шерткен.«Маңғыстау энциклопедиясы»,249-бет
Күйші Маңғыстау өңірінде (1905–1907 жылдары) болып, «Маңғыстау», «Бозашы» күйлерін шығарған. Оның «Қоштасу» күйі екі бірдей ержеткен ұлының қазасына арналған. Ерғали Есжанов мұралары кейінгі ұрпаққа оның шәкірттері (Ғ.Қайрошев, Ә.Бекешов) арқылы жетті.«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978
Дереккөздер
Санат:1864 жылы туғандар Санат:Құрманғазы ауданында туғандар Санат:1949 жылы қайтыс болғандар Санат:Құрманғазы ауданында қайтыс болғандар Санат:Домбырашылар Санат:Күйшілер