Лямин белок
Лямин белок – Оба және Иванов жоталары аралығында, Қара Оба өзенінің оң жағалауындағы тау. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан. Абсолют биіктігі 2028 км.
Ұзындығы
Домалақ пішінді таудың ұзындығы мен ені 10-12 км шамасында. Беткейлері өзен арналарымен тілімденген. Тау басы жалаңаштанған.
Ағаштары
Орта және төменгі беткейлерін қарағай, қайың, теректен тұратын орман көмкерген. Қара Оба және Становая Оба өзендері тау етектерінен бастау алады. Көлбеу келген батыс беткейлерінің етегімен орманның соқпақ жолдары өтеді.
Санат: Таулар