Тиреопривтік анемия диагнозын қою қиын емес, себебі оның клиникалық көрінісінде гипотереоз симптомдарының (тоңғыштық, ұйқышылдық, салмақ қосуы, бет пен дененің домбығуы, терінің құрғақтығы мен түлеуі, дене қызуының төмендеуі, тілдің ұлғаюына байланысты тістердің іздері қалуы және сөйлеудің қиындалуы) болуы, қанда трийодтиронин, тироксин деңгейлерінің төмендеуі, қанда темір мөлшерінің қалыпты немесе аздап кемуі (ішектің сілемей қабатының ісінуі нәтижесінде темір аз сіңірілуі мүмкін) тән және қалқанша безі гормондары бар дәрілерді қолданған кезде гемоглабин мен эритроциттерсаны жоғарылайды. Тиреоидты гормондар эритропоэзды ынталандырады, ал гипотиреоз кезінде олардың жетіспеушілігі салдарынан анемия пайда болады. Кейбір жағдайда, әсіресе аутоиммундық тиреодитте B12- витаминінің сіңірілуіне қажет гастромукопротеинді синтездейтін асқазанның париетальды жасушасына аутоантадене пайда болып, B12- тапшылық анемиясы туындауы мүмкін."Қан аурулары" Бейжанова К.Т., Бекмурзаева Э.Қ. 2010 ISBN 9965-833-40-0 [ Анемия қосымша https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F]
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тиреопривтік анемия · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.