Кулешов Аркадий Александрович — белорус совет ақыны, БССР халық ақыны (1968). 1941 жылдан КОКП мүшесi. Минск пед. институтында (1931-1933) оқыды. Алғашқы өлеңдері 1926 жылы жарияланды. «Гүлденген жер» атты тұңғыш жинағы 1930 жылы шықты. «Күн үшiн, ән үшін» (1932), «Біз шекарада тұрамыз» (1938) т. б. өлеңдер кітаптарында сов. өмір шындығын шынайы суреттеді. 2-8-сайланған БССР Жоғарғы Советінің депутаты. 2 рет Ленин орденмен және басқа 2 орденмен, медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Санат:1914 жылы туғандар