Сара Абдурахманқызы Ишантураева (8. 11. 1911 ж. т., Наманган обл., Жаңақорған ауд.) — өзбек совет актрисасы, КСРО халық артисі (1951). 1942 жылдан КОКП мүшесі. 1927 ж. Москвадағы Ағарту үйі жанындағы өзбек театр студиясын бітірді. Сахналық жолыда сол жылдан басталды. 1943—46 ж. және 1953—60 ж. Өзбек драма театрынын директоры. Өзі ойнайтын ролъдерінің әлеуметтік және психол. мінез-кейпін терең ашып көрсететін, реалистік багыттағы актриса. Басты рольдері: Онахон (Яшеннің «Намыс пен махаббатында»), Офелия, Дездемона (Шексппрдің «Гамлеті» мен «Отоллосында»), Хуррият (Ұйғырдың осы аттас пьесасын-да) т. б. КСРО Мемл. сыйлығьшың лауреаты (1949). 2—4-сайланган КСРО Жоғ. Советінің және Өзб. ССР Жог. Советінің (1939) депутаты. 2 рет Ленин орденімен, басқа 5 орденмен марапатталған.
Әдебиет Уваров Г„ Сара Ишантурае-ва. М., 1951; Авдеева Л„ Сара Ишан-тураева, Таш., 1960.