нобай|Набатей монеталары Набатей патшалығы — б.з.б. 3 ғасырдың аяғынан б.з. 106 жылдарға дейін (қазіргі Иордания территориясында) өмір сүрген ежелгі набатейлер (араб тайпасына жататын халықтар) мемлекет. Астанасы — Петра қаласы. Б.з. 3 ғасырдың аяғынан 2 ғасырдың басына дейін Птолемей Египет ықпалында болды. Набатей патшалығының тарихта белгілі болған тұнғыш болған — I Харитат (б.з.б. 169 жалдын бастап билік еткен). III Харитат тұсында (б.з.б 87–62) Набатей патшалығы Дамаскіні бағындырып алды. Б.з.б. 60 жылдардың ақырында Набатей патшалығы Римге тәуелді екенін мойындады. IV Харитат билік құрған кезде (б.з. 9–40) Набатей патшалығының жоғары даму дәрежесіне жетті. Біздің заманымыздың 106 жылы Набатей патшалығын Рим императоры Троян жаулап алып, ол территорияда Римнің Арабия провинциясын құрды. нобай|Набатей патшалығының аумағы қызылмен көрсетілген нобай|Шивта ұлттық саябағы нобай|Әл-Хазне ғибадатханасы-қабірі

Тарихы Патшалық Идумеянің басым бөлігін алып жатты. Сол себепті жас державалар арасындағы бәсекелестікке себепші болды. Ондай мемлекеттер қатарына Селевкидтер мемлекеті мен Птолемейлік Мысыр жатады. Бәсекелестіктің негізгі мақсаты — Арабиямен сауда-саттық қатынастарын жүргізу болды. Набатей патшалығының бұл бәсекелестердің назарында болуының бірден бір себебі мемлекет сауда керуендерінің жолында, тоғысатын орнында орналасқан. Бұл аймақта сауда-саттық қайнап жатқан болатын. Б.з.б. 312 жылы диадохтардың бірі Антигон І Петра қаласын жаулап алуға әрекеттенеді. Мұнысынан еш нәтиже шықпай, жеңіліс табады. Набатей патшалығы б.з.б. II ғасырға дейін Птолемейлік Мысырдың ықпалында болып келді. Селевкид мемлекетінің құлауы кезінен бастап, өз аумағын кеңейтті.

Набатей патшалығын б.з.б. 169 жылы II Арета билеген кезде олар хасмонейстік Идуеймен соғыс әрекеттерін жүргізді, ал III Арета кезінде, яғни б.з.б. 84 жылы Дамаскты және Сирияның бір бөлігін бағындырды. Римдік жаулап алу шағында, яғни б.з.б. I ғасыр — б.з. I ғасырында патшалық өзінің тәуелсіздігін сақтап қала алды, сонымен қатар Рим мемлекетімен достық қарым-қатынаста болды. 105 жылы Траян өлімінен кейін Раббэль II Набатеяны Римға қосып алды.

Өнері Набатей патшалығының өнері (ертедегі араб көркем өнерінің дәстүрін сақтай отырып) эллинистік мәдениетке еліктей дамыды. Олар архитектурада ордерлік элементтерді пайдаланып,бейнелеу өнерінде грек мифологиясы сюжеттерін алуға ұмтылды. Набатей патшалығының елеулі ескерткіші — Петра қаласындағы шыңнан үңгірлеп жасалған ғибадатханалар, мазарлар, тұрғын үйлер, театрлар т.б. құрылыстар (б.з.б. 3 ғасырдың аяғы – б.з. 1 ғасыры).

Патшалары I Арета (б.з.б. 168 жылы) I Раббел (б.з.б. 129 жылы) II Арета (б.з.б. 103 жылы – б.з.б. 96 жылы) I Обода (б.з.б. 96 жылы – б.з.б. 86 жылы) III Арета Филэллин (б.з.б. 86 жылы – б.з.б. 62 жылы) II Обода (б.з.б. 62 жылы – б.з.б. 59 жылы) I Малих (б.з.б. 59 жылы – б.з.б. 30 жылы) III Обода (б.з.б. 30 жылы – б.з.б. 9 жылы) IV Арета Филопатор (б.з.б. 9 жылы – б.з. 40 жылы) II Малих (б.з. 40 жылы – б.з. 70 жылы) II Раббел Сотер (б.з. 70 жылы – б.з. 106 жылы)

Қолданылған әдебиет М. Қ. Қаратаев. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 6 том

Санат:Набатея Санат:Иордания тарихы