Қарақобда – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Алға, Қобда аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 138 км, су жиналатын алабы 2610 км².

Бастауы Өзен Қарағантау тауының шығысындағы бұлақтардан бастау алып, Бұлақ ауылының шығысында Үлкен Қобда өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары сағасына қарай 2 км-ге дейін кеңейеді. Жайылмасы тек төменгі ағысында қалыптасқан. Арнасы жоғарғы ағысында тік жарлы, төменгі ағысында жайпақ. Негізінен қар, жер асты суларымен толығады. Ағындысының басым бөлігі көктемгі қар еру кезінде өтеді. Көп жылдық орташа су ағымы Үлкен Қобда өзеніне құяр тұсында 1,95 м³/с. Минералдылығы көктемгі тасқын кезінде 200-400 мг/л-ден жазғы саба кезінде 1000 мг/л-ге дейін өзгереді. Суы егін суғаруға, жайылмасы шабындық, кей телімдері ауыз су ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Алға ауданы өзендері Санат:Қобда ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі