Париж коммунасы (1871) – тұңғыш пролетариялық революция және жұмысшы табының Парижде 71 күн (18 наурыздан- 28 маусымға дейін) өмір сүрген алғашқы өкіметі. Франция- Пруссия соғысы( 1870-71) Францияда таптық қайшылықтарды шиеленістіре түсті. 1870 жылы 4 қыркүйек айында парижде революция басталып, империя құлады. Франция қайтадан республика (қ.Үшінші республика) болып жарияланды. Бірақ жаңа үкімет наполеон 3-нің халыққа қарсы саясатын жалғастыра берді. Үкімет халық бұқарасының демократиялық және патриоттық талаптарын орындаудан бас тартты және неміс әскерлері қоршаған Париж қорғанысын бұзу жолына түсті. Бұл саясат париж еңбекшілерінің наразылығын туғызды. 1870 жылы 28 қаңтар айында Пруссия мен Франция арсында уақытша бітім жасалды. Ақпанда құрылған А. Тьер үкіметі Франция үшін ауыр шартқа қол қойды. Парижде және кейбір ірі провинциялық қалаларда (Леон, Бордо, Марсель) революциялық жағдай қалыптасты. Астананың пролетарлық аудындарын қарусыдандыру және үуіметтің реакцияшыл саясатына қарсы күресу үшін коммуналар құрған Ұлттық гвардия ОК мүшелерін тұтқынға алу үшін Тьер үкіметінің жасаған әрекеті ( 18 наурызға қараған түні) сәтсіздікке ұшырады.

Дереккөздер Қазақ совет энцклопедиясы