Нейгауз Генрих Густавович - кеңес пианисі, педагог, музыка жазушысы, РКФСР халық артисі. Фортепьянода ойнау өнерінің кеңес мектебінің негізін салушылардың бірі .

Өмірбаяны Нейгауз Генрих Густавович бала кезінде әкесі Г.В.Нейгауздан (пианист-педагог), кейіннен Берлинде Л.Годовскийден оқыды. 1912 - 1914 жылдары Берлин мен Венадағы Музыкалық және сахналық өнер академиясын бітірді. 1906 жылы П.Ф.Юоннан композициядан сабақ алды. 1915 жылы Петроград консерваториясын бітірді. Нейгауз Генрих Густавович романтикалық бағыттағы өзіндік көркемдік ерекшелігі бар пианист.