Байнатов Жұмабай (1946 ж. қазіргі Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылында дүниеге келген) – техника ғылым докторы (1993), профессор (1994), ҚР Инженер академиясының академигі (1998).

Өмірбаяны Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын (1970) және Киев қаласындағы электронды ғылыми-зертханалық институтының аспирантурасын (1976) бітірген. Қазақ политехникалық институтында ассистент (1976–1980), Алматы архитектура-құрылыс институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор (1980–2000) қызметтерін атқарған. 2000 жылдан Қазақ көлік және коммуникация академиясында профессор «Защитные сооружения горных автомобильных дорог от селевых потоков» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Байнатов 270-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 9 монографияның авторы. қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер</span>

Сыртқы сілтемелер

Санат:Тұлғалар Санат:1946 жылы туғандар