Ғабдолла Шалқарұлы Қаржаубаев (7 қараша 1904, № 15 ауыл, Ақмола облысы, Ресей империясы — 15 мамыр 1985, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік қазақ мемлекет, партия және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны Ғабдолла Шалқарұлы 1904 жылы 7 қарашада Ресей империясы, Ақмола облысындағы № 15 ауылда (қазір ауыл Ақмола облысы, Атбасар ауданының құрамына кіреді) дүниеге келді.

1924—1925 жылдары Атбасар қаласында (Ақмола губерниясы) іс жүргізуші, прокурордың көмекшісі болып жұмыс істеді.

1925 жылдың мамыр айына дейін Атбасар болыстық (Ақмола губерниясы) жұмысшы-шаруа милициясы бөлімшесінің басшысы міндетін атқарды.

1925 жылдың мамырынан — 1927 жылдың желтоқсанына дейін Қарсақпай қаласында Ақмола сот округіндегі 16-учаскесінің халық судьясы болып еңбек етті.

1927 жылдың желтоқсанынан — 1929 жылдың мамырынан дейін зауыт мектебінің мұғалімі (Қарсақпай, Ақмола округі) қызметін атқарды.

1929 жылдың мамырынан — 1930 жылдың қыркүйегіне дейін Ақмола қаласында Ақмола сот округіндегі 16-учаскесінің халық судьясы болып еңбектенді.

1930 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Қазақ АКСР-індегі Азат аудандық ұжымдық шаруашылықтар одағы басқармасының төрағасы болып істеді.

1930 жылдың желтоқсанынан — 1931 жылдың тамызына дейін Сталин аудандық кеңесінің (Қазақ АКСР) Атқару комитеті хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1931 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында «Қарағандыкөмір» тресінің маркшейдер көмекшісі болып жұмыс істеді.

1931 жылдың қыркүйегінен — 1932 жылдың мамырына дейін Семей маркшейдерлер курстарының тыңдаушысы болды.

1932 жылдың мамырынан — 1934 жылдың қарашасына дейін «Қарағандыкөмір» тресінің маркшейдер көмекшісі міндетін атқарды.

1934 жылдың қарашасынан — 1935 жылдың тамызына дейін Свердловск геологиялы-гидрогеодезиялық техникумда оқыды.

1935 жылдың тамызынан — 1936 жылдың қаңтарына дейін № 33-34 шахтасының маркшейдері (Қарағанды) болып еңбек етті.

1936 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында тағыда Свердловск геологиялы-гидрогеодезиялық техникумда білім алды.

1936 жылдың сәуірінен — 1940 жылдың ақпанына дейін № 33-34 шахтасының бас маркшейдері, бас инженердің көмекшісі (Қарағанды) қызметін атқарды.

1940 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан К(б)П Қарағанды облыстық комитетінің нұсқаушысы болып еңбектенді.

1940 жылдың мамырынан — 1941 жылдың қарашасына дейін Қазақстан К(б)П ОК көмір өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы болып істеді.

1941 жылдың қарашасынан — 1943 жылдың ақпанына дейін Қазақстан К(б)П ОК көмір өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі лауазымында мехнат қылды.

1943 жылдың 15 ақпанынанҚазақстан К(б)П ОК VIII пленумының қаулысы, 1943 ж. 11–15 ақпан. тамызына дейін Қазақстан К(б)П ОК көмір өнеркәсібі жөніндегі хатшысы болып жұмыс істеді.

1943 жылдың тамызынан — 1945 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан К(б)П ОК көмір өнеркәсібі жөніндегі хатшының орынбасары міндетін атқарды.

1945 жылдың шілдесінен — 1947 жылдың ақпанына дейін Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің отын-энергетика өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі және Қазақстан К(б)П ОК отын-энергетика өнеркәсібі жөніндегі хатшысының орынбасары болып еңбек етті.

1947 жылдың 18 наурызынанҚазақстан К(б)П ОК XVII пленумының қаулысы, 1947 ж. 18, 21–23 наурыз. — 1949 жылдың 25 ақпанынаҚазақстан К(б)П IV съезінің қаулысы, 1949 ж. 25 ақпан – 1 наурыз. дейін Қазақстан К(б)П ОК 3-хатшысы қызметін атқарды.

1949 жылдың наурызынанҚазақстан К(б)П ОК I пленумының қаулысы. — 1952 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан К(б)П ОК хатшысы болып еңбектенді.

1951 жылдың 28 наурызынанҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесі III шақырылымы I сессиясының қаулысы, 1951 ж. 28–31 наурыз. — 1955 жылдың 28 наурызынаҚазақ КСР Жоғарғы Кеңесі IV шақырылымы I сессиясының қаулысы, 1955 ж. 28–31 наурыз. дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып істеді.

1952 жылдың қыркүйегінен — 1955 жылдың 15 қарашасына дейін Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1955—1957 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.

1957 жылдан бастап — 1959 жылдың сәуіріне дейін Алматы облыстық кеңесінің Атқару комитеті төрағасы болып жұмыс істеді.

1959 жылдың сәуірінен — 1962 жылына дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының хатшысы міндетін атқарды. Сонымен қатар, 1959—1976 жылдары Кеңес-Моңғол достығы қоғамы Қазақ бөлімшесі басқармасының төрағасы болды.

1962—1963 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Қоныс аудару және жұмыс күшін ұйымдасқан түрде тарту жөніндегі бас басқарманың басшысы болып еңбек етті.

1963—1968 жылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы қызметін атқарды.

1968 жылы зейнетке шықты.Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008 1985 жылы 15 мамырда дүние салды.

Дереккөздер

Сілтемелер Ғабдолла Қаржаубаев. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Санат:Атбасар ауданында туғандар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағалары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан компартиясының өлкелік, облыстық және округтік комитеттерінің хатшылары Санат:Алматы облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Одақтық маңызы бар дербес зейнеткерлер