Қашқынбай Қазиев (1884, қазіргі Торғай обл., Жанкелдин ауд., — 1956, сонда) — халық ақыны, жыршы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiне («Халық қозғалысы», «Аманкелдi батыр»), сов. өмір шындығына («Ұлы күш», «Социалистiк жарысқа», т. б.), В. И. Ленин бейнесiне («Ұлы жүрек», «Ленин туралы» ) арналған өлең–жырлары мерзімді баспасөзде жарияланған. Қашқынбай Қазиев «Сейфiлмәлiк», «Есiм-3ылиха», «Бозжігіт», «Мақпал қыз» тәрізді қисса-дастандарды, «Алпамыс», «Қобыланды», «Шора батыр», «Ер Сайын» сияқты батырлар жырын жатқа білген. Ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiн, халық ақыдарының шығармаларын жинаушы болған. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6 Дереккөздер
Санат:1884 жылы туғандар Санат:1956 жылы қайтыс болғандар