ТЖОД, немесе торқабықтың кәрілік макулярлы дистрофиясы, - көру бойынша мүгедектіктің ең жиі себептерінің бірі. Әлсіз ТЖОД 65–75 жас аралығындағы 20% адамдарда кездессе, ал бұл патологияның айқын түрі 60 жастан асқан тұрғындардың 1% зақымдайды. Клиникалық ағымы ТЖОД дамуы 3 фазадан өтеді – 1-ші фазасында торқабықтың орталық аймағында, Брух мембранасы мен торқабықтың пигментті эпителийінің (ТПЭ) базалды мембранасы арасында орналасатын, ұсақ немесе сары дөңгелек ошақты друзалар немесе коллоидты денешіктер байқалады. Осы фазада макуланың дезпигментациясы: ТПЭ атрофиялық бөліктері оның гиперплазиясымен қосарланып туындайды. 2-ші фаза – экссудативті ірілеу дөңгелек формалы болып сипатталатын түзілістің ісінген торқабықтың алдыңғы жағына шығуы, ТПЭ және (немесе) макулярлы ретиналық аймақтың бірігуі болады. Бұл фазада торқабық астында Брух мембранасындағы жарылулар арқылы және торқабыққа хориоидалды тамырлардың жаңа түзілістері түзіледі. 3-ші фазада жаңа түзілген тамырлардағы транссудация және геморрагиялар пролиферация және фиброз үдерістерімен бірігеді. Нәтижесінде сары дақ орнында дөңгелек ісік тәрізді түзіліс түзіледі. Көру алаңы әдетте сақталған, бірақ орталық скотома кезінде көру өткірлігі бірнеше жүзге дейін төмендейді. Емі. ТЖОД емінің тиімділігі төмен. Ангиопротекторлар, антиоксиданттар, геморрагиялардың алдын алу үшін аскорбин қышқылы мен дицинон тағайындалады. Оң нәтижеге жаңа түзілген тамырларды уақтылы лазермен коагуляция жасау арқылы жетуге болады. В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008. Байланысты беттер Көз Дереккөздер