Бес сәйгүлік Тарихы Қазақ тарихында ел қорғаған атақты батырлар мен олардың тұлпарлары қатар айтылады. Жақсы аттардың есімдері эпостарда, тарихи жырларда, ел аузында және жер атауларында жиі кездеседі. Қазақтар баланы үш жастан бастап атқа ашамай салып, мінгізіп үйрете бастаған. Ашамай – баланы атқа үйрету үшін арнайы істелген ер – тоқымның қарапайым түрі. Қазақ шағырағында дүниеге ұл бала келген кезде сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің «бәсіресі» деп атаған. Кейде жеті – сегіз жасқа толып, ат жалын тартып мінген шақта да балаға тәуір тұқымды құлыннан «бәсіре» берген. Ол жылқыдан ғана болады. Мұндай малды мінбеген және сатпаған. Халқымыз атақты сәйгүліктердің, жүйрік бәйге аттарының, батырларға серік болған тұлпарлардың етін жемеген. Өз ажалынан өлген мұндай аттарды қадірлеп, жерлеген. Дереккөздер "Сен білесің бе?" энциклопедиясы
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Бес сәйгүлік · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.