Сілеті ауданы — Целиноград облысының солтүстік-шығысында болған әкімшілік бірлік. Құрамында 7 ауылдық, 3 кенттік кеңес болған. Орталығы — Сілеті ауылы.
Тарихы Аудан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1973 жылы 25 желтоқсанда құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 28 ақпандағы N 3370 «Ақмола облысының Сiлетi ауданын тарату туралы» Жарлығымен Сілеті ауданы таратылды.Ақмола облысының Сiлетi ауданын тарату туралы Аудан аумағы Ақкөл және Ерейментау аудандары мен Степногорск қаласы арасында бөлінді.
Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 2 кенттік және 9 ауылдық кеңеске қараған 28 елді мекен болған:Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Ақсу кенттік кеңесі Ақсу кенті Ақсу, Байұлысты, Жаңатөбе Бестөбе кенттік кеңесі Бестөбе кенті Бестөбе Бөгембай ауылдық кеңесі Бөгембай ауылы Бөгембай, Мирный Изобильный ауылдық кеңесі Изобильное ауылы Восточное, Жалын, Изобильное Қарабұлақ ауылдық кеңесі Қарабұлақ ауылы Көксал, Қарабұлақ Минск ауылдық кеңесі Минское ауылы Әжібай, Көмей, Минское, Сілеті, Хлебоприемное Сілеті ауылдық кеңесі Сілеті ауылы Киікбай, Сілеті, Тасқара Степногорск ауылдық кеңесі Степногорское ауылы Степногорское Фрунзе ауылдық кеңесі Ильинка ауылы Байсары, Ильинка, Қызылту, Нецветаевка Черняховский ауылдық кеңесі Черняховское ауылы Басқұдық, Черняховское Шилі ауылдық кеңесі Шилі ауылы Жаңажол, Шилі
Халқы 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 35577 36079
Орналасу ерекшелігі Аудан Сарыарқа мен Батыс-Сібір жазығының жалғасқан жеріндегі далалық өңірде орналасқан. Сарыарқаға жататын батыс бөлігі үстіртті шоқылы, Сілеті өзен жүйесінің аңғарлармен тілімделген. Батыс-Сібір жазығына қараған жағы жазық, тегіс келеді. Теңіз деңгейінен биіктігі оңтүстік-батысында 400 м, солтүстік шығысында 100 м. Ең биік жері — Қоянды тауы (431 м ).
Пайдалы қазбалары мен климаты Пайдалы қазыналардан алтын, темір, тас көмір кендерінің шағын кендері, әктас, құрылысқа жарамды тастар, кірпіштік шикізат кездеседі. Климаты тым континиенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ірі көлдері: Мамай, Шолақсор.
Флора және фаунасы Жері негізінен қызыл қоңыр, қара топырақты; өзен жайылмаларында шалғынды қызыл топырақ кездеседі. Селеу, бетеге т.б өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, елік, бөкен, дала тышқандары,; құстан бүркіт, кезқұйрық, дуадақ, тауқұдірет, қызғыш, қаз, үйрек, т.б мекендейді. Халқы көп ұлтты; қазақтар орыстартар украиндар және т.б. халықтар қоныстанған. Өнеркәсіп орындарынан алтын рудниктері, көмір шахтасы, автомобиль жөндеу заводы, тігін фабрикасы, аудандағы тұрмыс қажетін өтнйтін комбинат, жылжымалы механикаланған колонн, электрстанция т. б. шоғырланған. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 500-бет
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның 1997 жылы таратылған аудандары