Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы Кендер тобына жалпы мәлімет Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы - Жамбыл облысындағы кен орындары. Отар тау жынысы станциясының оңтүстік- батысында орналасқан. Бесмойнақ синклиналының солтүстік-батыс бөлігінің ернеуіндегі солтүстік-батыс, солтүстік – шығыс, және меридиандық бағыттағы жарылыстардың қиылысу торабында орналасқан. Флюорит ордовик пен карбонның арасындағы жентастарда шоғырланған. Оңтүстік Тасқайнар, Шығыс Тасқайнар, Аралық Тасқайнар, Өрікті, Ырғайты кендерінен құралады. Әуелгі үшеуінде жайпақ күмбез тәрізді руда денелері солтүстік –батысқа бағытталған; ұзындығы- 600-1200 м, ені 70-550м, қалыңдығы- 2-43,7 м, флюориттің орта мөлшері 30-34%. Соңғы екуіндегі линза пішіндес руда денелері солтүстік- батыс және меридиандық бағытқа созылған, 100-180 м тереңдікке дейін кеткен қалыңдығы 0,75-18,6 м. Кендердің жаралуы герциннің ақырындағы магматизммен байланысты келеді. Флюорит флотациялық әдіспен байытылды. Оңтүстік Тасқайнар кені игерілуде. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 576-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тасқайнар Флюорит кендерінің тобы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.