Шарль Балли (, 4 ақпан 1865, Женева — 10 сәуір 1947, Женева) - француз лингвисті, Женева мектебінің өкілі Ф. де Соссюрдің жолын қуушы шәкірті, жалпы және француз лексикологиясы мен стилистикасының маманы.
"Француз тілінің стилистикасы" (1909) атты еңбегінде Шарль Балли стилистиканың басты міндеттерін сөз етеді. Ол А. Сешемен бірігіп "Жалпы тіл білімінің курсын" алғаш рет француз тілінде (1916) жариялады. Шарль Балли тілдің жалпы теориясымен де шұғылданады ("Жалпы тіл білімі және француз тілінің мәселелері", 1932). Шарль Балли еңбектерінде көбіне тілдегі экспрессивтік элементтердің ролі жайында айтыладыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.
Дереккөздер
Санат:Тілтанушылар