Қаратау қауы () – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты Биіктігі 20 – 30 см. Сабағы жалаң тек буын асты ғана түктенген. Жапырақтары жіңішке қылша сияқты бұралған. Гүлшоғырының ұзындығы 6 – 8 см, жіңішке. Масақ қабыршақтарының ұзындығы 22 – 31 мм. Төмен гүл қабыршағы 8 – 9 мм, 5 түкті жолағы бар. Қылтанағы 8 – 9 см, имек келген, жоғары жағында 3 – 4 мм, түгі бар. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – шілдеде жемістері піседі. Жемісі – дәнек. Гүл қылтанағы арқылы өсімдік дәнегі топыраққа бекиді.

Өсетін орны мен таралуы Батыс Тянь-Шань мен Қаратау жотасының (Түркістан облысы) Шу-Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде өседі. Қаратау қауы – жемістенуі алдында жақсы мал азықтық шөп. Қаратау қауы – сирек кездесетін өсімдік, жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Тараз энциклопедиясыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер