Тактильдік рецепторлар
Сипап сезуді теріде немесе одан терең тіңдерде орналасқан рецепторлар жүзеге асырады. Бұл рецепторлар импульстарды жұлынға және мидың негізіне жеткізеді. Сол жерден импульстар мидың жоғары орналасқан бөліктеріне өтеді. Бұл рецепторлардың кейбірі капшықаен қапталады, басқалары бос орналасады.
Меркель дискі
Жеңіл сипауды және қысымды қабылдайтын бұл рецепторлар терілік эпидермистің түксіз аймақтарында орналасады.
Мейсснер денешігі
Бұл- жеңіл сипауды қабылдайтын, қапталған жүйкелік ұштар. Олар ауыз, ерін, қабақ, жыныстық сыртқы мүшелерде, емізіктерде орналасқан.
Руффини денешігі
Қапшықпен қапталған, ұзақ сипау нәтижесінде одан терең тіндерге қысым түсуін қабылдайтын рецепторлар. Руффини денешіктері қапшықтарда орналасады.
Пачини денешігі
Ірі, қапшықпен қапталған рецепторлар, терінің терең қабаттарында, сонымен қатар несепқуықтың қабырғаларында, буын бұлшық еттердің жанында орналасқан. Олар вибрация мен қысымның өзгеруін қабылдайды.
Шаш өзегінің сезімтал рецепторлары
Түк қапшасының айналасында орналасқан бос жүйкелік ұштар сипауды және жеңіл қимылды сезеді.
Бос жүйкелік ұштар
Жеңіл сипауды, қысымды, ауыру сезімін және температурының өзгеруін сезетін миелинсіз, кең тармақталған сенсорлар тері мен дәнекер тіннің барлық түрлерінде кездеседі.
Дереккөз:
Қазақ энциклопедиясы