Космологиялық қызыл ығысу — галактиканың барлық алыс көздерінде байқалатын, олардың бір-бірінен, әсіресе біздің галактикадан динамикалы алыстауымен, не Метагалактиканың стационарсыздығымен түсіндірілетін сәулелену жиілігінің азаюы. Галактикалардың қызыл ығысуын алғаш 1912-1914 жылдарда байқаған америкалық астроном Весто Слайфер болды; Эдвин Хаббл алыстағы галактикалардың қызыл ығысуы жақындарға қарағанда үлкенірек болатынын және арақашықтыққа пропорционал өсетінін 1929 жылы ашты. (Қызыл ығысу заңы не Хаббл заңы). Дереккөздер Космология Парадоксы Большого взрыва G.A. Tammann, B. Reindl, Cosmic Expansion and Ho: A Retro- and Pro-Spective Note
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Космологиялық қызыл ығысу · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.