Жарық ағыны — сәйкес сәуле ағынындағы "жарықтық" қуатын сипаттайтын физикалық шама. Басқа сөздермен, "Жарық ағыны дегеніміз сәуле ағынына пропорционал, орта адам көзінің қатысты спектрлік сезімталдығына сәйкес бағаланған физикалық шама болып табылады" Белгіленуі: Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ) белгіленуі: люмен Адамда жарық сезімін тудыратын электромагниттік сәулелердің толқын ұзындықтары вакуумде 400-ден 760нм диапазонында жатады. Көзге әсер ететін сәулеленуді бағалау үшін жарық ағыны деген түсінікті пайдаланады. Жарық ағыны деп сәулелену ағынының көзде жарық сезімін тудыратын бөлігін атайды. Оптикалық жарық ағынын өлшеумен, жарық көздерінің және нәрселердің жарықталынуының сипаттамаларымен шұғылданатын бөлімін фотометрия деп атайды (гректің "фотос" жарық деген сөзінен). Электромагниттік сәулеленудің жарық сезімін тудыратын бөлігін көбіне жарық сәлелерідеп те атайды, оның сандық сипаттамасы осы Ф жарық ағыны болып табылады.

Дереккөздер

Сілтемелер О природе света и цвета (из курса лекций «Алгоритмические основы современной компьютерной графики информация», Авторы: А. И. Куликов, Т. Э. Овчинникова)