Геологтар ауылы — Қызылорда облысы, Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты Талсуат ауылдық округі құрамында болған ауыл. Ауыл 2018 жылы Талсуат ауылына қосылып, таратылған.
Географиялық орны Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Александровск және Геологтар ауылы атанған екі ауыл Кеңес дәуірі кезінде іргесі 1929 жылы қаланған Комсомол ұжымшарының қарамағында болған (қазіргі Қызылжарма ауылдық округі). 1967 жылы Александровск ауылында геологтар мекемесі құрылып, жеке тұрғын үйлер салынған. Мекеменің өз алдына балабақшасы, дүкені, асханасы, клубы, моншасы, орталық жылу жүйесі, таза ауыз су жүйелері жасалып, жас мамандар осында тұрақтанған. Халық депутаттары Қызылорда облыстық Кеңесі төрағасының 1992 жылдың 4 мамырындағы №27 қаулысымен Қызылжарма ауылдық кеңесінің Комсомол, Геологтар, Александровск ауылдары Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық бағыныштылығына берілген. 2005 жылдың қаңтар айында Талсуат ауылдық округі құрылып, Қызылжарма ауылдық округінің құрамындағы Геологтар, Александровск ауылдары Талсуат ауылдық округінің қарамағына берілді. « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013.
Халқы Тұрғыны 476 адам (2009).
Дереккөздер
Санат:Қызылорда қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері