Қолданылуы Бақ сайманы – жеміс-жидек дақылдарын күту, жинау үшін қолданылатын құрал. Бақ өсіруде қол құралы мен машиналар пайдаланады. Қол құралы: бағбан қайшысы (секатор) қураған сабақ пен бұтақшаларды қиып, ағаштың бөрікбасын қиып тегістеуге бағбан пышағы жас ағаштың бұтақшалары мен қураған бұтағын кесуге жеміс-жидек бұтақшаларын ұластыруға бүрді кесіп ойып алуға бағбан арасы мен темір щетка қайшының күші келмейтін жуан әрі қураған бұтақтарды кесуге қырғыш өлі ағаш қабығын т.б. бөгде заттарды қырып түсіруге қыл щетка ағаш діңгегін ақтауға, бағбан күрегі (көптеген түрі бар) көшетті қазып, жаңа орынға отырғызуға бағбан айыры ағаш айналасын қопсытуға тырнауыш қопсытылған топырақ бетін тегістеуге тыңайтқыш араластыруға, кетпен топырақ қопсыту, арам шөптерді құртуға саты (ЛМ-3,7, ЛМ-17) мен корзина ағаш басына шығып, жеміс жинауға арналған. Машиналар: бақтарда қатар аралықтардың топырағын өңдеуге арналған шынжыр табанды Т-50 В, ДТ-20 В, ДТ-20 К үлкен бақтарда ДТ-54, Т-75 т.б. тракторлар, бақ отырғызатын жерді тас пен бұтадан ағаш түбірінен тазарту үшін К-1А, К-2А, М-6 бұта кескіш Д-174В. КАР-1,2 машиналары жерді тегістеу, шұңқыр қазуға Д-493, Д-259А, Д-492 бульдозерлері террас пен жол жасауға Т-4, ТР-1А, жотаны тіліп, топырағын тегістеу үшін Д-458, Д-541, ПТ-4А, П-2,8, ПС-2,75 М топырақ өңдеуге ПП-50, ППУ-50А, ППН-50 т.б ағаш отырғызуға КРН-4,2, КПЯ-100, АПБ-10,2 КЯУ-100, КРК-60 тыңайтқыш шашуға ТРС-10, РУ-4 т.б жер суаруға КДУ-55, ДДН-45 машиналары қолданылады. Өсімдік кеселі мен зиянкестерін жою үшін де құрал-сайманның көптеген түрі пайдаланылады. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1973 ж. 2-том, 110-бет Дереккөздер