Шоңай Қожамқұлұлы немесе Ер Шоңай, Матай Шоңай батыр (1700–1760) — атақты батыр, әйгілі қолбасшы. Орта жүз Найман тайпасының Матай руынан. Аңырақай шайқасында асқан ерлік көрсетті.Салғараұлы І., Қазақтың қилы тарихы, А., 1992
Шоңай Жастай жетім қалып Бөрібай батырдың тәрбиесінде болған. Жоңғарлармен болған алғашқы ұрыстарда Матай қолын басқарды. Кейіннен Найман жасағын басқарған Қабанбайдың оң қолы болды. Шоңайдың бірінші әйелінен Назар, Нартайлақ, екінші әйелінен Елшібай, Атан есімді ұлдар тараған. Назар мен Нартайлақ жоңғарлармен шайқаста шамамен 1750/55 ж. мерт болып, Шоңай екі ұлының сүйегін қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылы маңына өз қолымен жерлеген. Ол жер қазір «Қос батыр» деп аталады.Хасенов Ә., Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны, А., 1996.
Шоңай батырға берілген жер аты Алматы облысы Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров кентінде және Талдықорған қаласында Шоңай батырдың атында көше бар.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том Дереккөздер