Фирманың маркетингтік ортасы — фирманың шегінен тыс əрекет етіп, маркетинг қызметінің басшылығына мақсатты клиенттермен табысты ынтымақтастықты орнату жəне оны сақтау мүмкіндігіне əсер ететін белсенді күштер мен субъектілердің жиынтығы. Маркетингтік орта микроортадан жəне макроортадан құралады. Микроорта дегеніміз фирманың өзіне жəне оның клиенттерге, яғни жабдықтаушыларға, маркетингтік делдалдарға, тұтынушыларға, бəсекелестерге жəне байланыс аудиторияларына қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктеріне тікелей қатысы бар күштерді білдіреді. Макроорта демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси жəне мəдени секілді факторлар түрінде микроортаға əсер ететін анағұрлым ауқымды əлеуметтік көзқарасты білдіреді. А. Б. Рахимбаев, “Маркетинг теориясы жəне практикасы”, Алматы, 2009 Дереккөздер

Санат: Экономика Санат: Қаржы Санат: Маркетинг