Шұрымсай – Терісаққан өзенінің алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақмола облысы Жақсы ауданының оңтүстігімен ағады. Ұзындығы 25 км, су жинау алабы 383 км2. Жылдық су шығыны 5,3 млн. м3.

Бастауы Бастауын Атбасар ауданындағы Қосбарақ ауылынан 23 км оңтүстігіндегі Қызыл-топырақ шатқалынан алып, Қайрақты өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Су жинау алабының жер бедері төбелі-шонды ұсақ шоқы. Қою қара топырағында селеу мен бетеге өскен. Алаптың 22 пайызы жыртылған. Аңғары нақты белгіленген, ені 600-700 м. Екі жағалауында да жайылмасы бар. Ені 400-700 м, шалғынды өсімдіктер өскен. Арнасының жоғары бөлігі бөген салғандықтан, суы реттелініп отырады. Өзен суы тек қана көктемгі еріген қар суының нәтижесінде ағып, жазда құрғап қалады. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Мұздың қалыңдығы 160 см. Ауызсуға пайдалануға тиімді. Минералдануы жазда 1000 мг/л, қыста 1,5-22 г/кг. Кермектілігі 6-16г/экв. Өзенде кішігірім су қоймасы бар. Су жайылманы суландыруға пайдаланады.А 37 Астана:Энциклопедия.-Алматы: «Атамұра», 2008.-576 бет.

Дереккөздер

Санат:Жақсы ауданы өзендері Санат:Есіл су алабы