Bring Me The Horizon (BMTH) — Шеффилдтан шыққан ағылшын металкор тобы, 2004 жылы басқа топтардың бес қатысушыларымен құрылды. Топтың бірінші альбомы дэткор жанрында шығарылған, бірақ топ «Sempiternal» және «There Is a Hell, Believe Me I’ve Seen It. There Is a Heaven, Let’s Keep It a Secret » альбомдарында көбірек электикалық стильді қабылдады.
Топ туралы Bring Me The Horizon 2004 жылы олардың ауданындағы таратылған топтардың қатысушыларымен құрылды. Олар өзінің атын негіз ретінде Кариб теңізінің қарақшылары фильмінде капитан Джек Торғай айтқан сөйлемнен «Now… Bring me that horizon» алып құрастырды. «That»-ті «the»-ға ауыстырғаннан кейін, Bring Me The Horizonтоптың ресми аты болды.
Қазіргі уақытта олар Visible Noise Records лейблымен келісім шартқа қол қойды, бірақ бастапқыда топ Thirty Days of Night Records лейблымен келісіп, олардыңтобы болып саналды. Топ Epitaph Records (АҚШ) және Shock Records (Австралия) келісім шартқа тұрды. Өткенде Lostprophets, The Blackout, Killswitch Engage және The Haunted деген топтармен бірге сахнаға шықты. Наурыз бен сәуір айларында 2007 жылы BMTH I Killed the Prom Queen группасымен бірге Ұлыбританияда тур жасады. Сонымен қатар олар Iron Maiden, Slayer мен басқа да топтармен Download Festival-де ойнады.
2007 жылы қарашада группа Австралияда Gigantour-да үш рет ойнап болды. Олар Австралияға 2008 жылдың мамыр-маусым айларында қайта келіп I Killed the Prom Queen-нің соңғы турында көрінді.
Bring Me The Horizon 2008 жылдың басында екінші студиялық альбомды жазды. Сәуір мен мамырда олар Швецияда болып, At The Gates, Arch Enemy, I Killed The Prom Queen және Dimmu Borgir деген группалармен жұмыс істеген Фредрик Нордстреммен бірге альбомды жазды. Альбом 29 қыркүйек 2008 жылы жарыққа шықты. «Suicide Season» дебютті альбом EP «This Is What The Edge Of Your Seat Was Made For» сияқты металкоры көбірек болған алдыңғы альбом «Count Your Blessings»-тен қатты ерекшеленеді.
Топтың мүшелері Қазіргі құрамы Оливер Сайкс — вокал, (Диана Уильямсқа үйленген) , өлеңдер мәтіні Ли Малиа — соло-гитара/бэк-вокал Мэтт Кин — бас-гитара Мэтт Николс — соқпалы аспап Джордан Фиш — бэк-вокал, клавиштар /перкуссия Брендан МакДональд — ритм-гитара (сессиялық қатысушы)
Бұрынғы қатысушылары Кёртис Уорд — гитара (2004—2009) Джона Вейнхофен — гитара (2009—2013)
Дискографиясы Студиялық альбомдары Count Your Blessings (2006) Suicide Season (2008) There Is a Hell, Believe Me I’ve Seen It. There Is a Heaven, Let’s Keep It a Secret (2010) Sempiternal (2013)
Марапаттары мен оқырмандар сұрастыру қорытындылары Kerrang! сыйлығы, Британияның ең күшті жаңа келгендеріне, 2006 (Жеңді) Kerrang! сыйлығы, Британияның ең күшті группасына, 2008 (Номинантталған) Британияның ең үздік топ (Rock Sound оқырмандарының арасындағы сұрастыру) Ең үздік альбом — Suicide Season (Rock Sound оқырмандарының арасындағы сұрастыру) Ең үздік топ 2008 (Kerrang! оқырмандарының арасындағы сұрастыру) Ең үздік альбом 2011 (There Is a Hell, Believe Me I've Seen It. There Is a Heaven, Let's Keep It a Secret) Chill Out Sessions альбомы, 2012
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты peta2 дағы видеоинтервью Санат:Алфавит бойынша музыкалық топтар Санат:Ұлыбритания музыкалық топтары Санат:Ұлыбритания рок топтары Санат:RCA Records орындаушылары Санат:2004 жылы құрылған музыкалық ұжымдар