Джейкоб Бенджамин «Джейк» Джилленхол (, МФА Say How? — NLS/BPH, How to pronounce Jake Gyllenhaal — inogolo.; 19 желтоқсан 1980, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) — америкалық актёр, 2006 жылғы «Оскар» жүлдесінің номинанты, BAFTA сыйлығының лауреаты. Режиссер Стивен Джилленхолмен сценарист Наоми Фонердың ұлы, әрі актриса Мэгги Джилленхолдың інісі. 11 жасында фильмге түсе бастады. Ең бірінші басты рөлін «Октябрьское небо» (1999) фильмінде ойнады. Сонымен қоса «Донни Дарко» фильмінде басты рөлді сомдады. «Послезавтра» блокбастерінде студенттың рөлін ойнады. Оның келесі ірі рөлі «Морпехи» (2005) фильміндегі теңіз жаяуәскері болды. Сол жылы бисексуал - ковбой рөлімен «Горбатая гора» фильмінде көрінді.
Балалық шағы Джилленхол Лос-Анджелес, Калифорнияда режиссер Стивен Джилленхол мен сценарист Наоми Фонердің отбасында дүниеге келген. Анасының тұрмысқа шықпағанға дейінгі тегі Акс еді. Ол Ресейден келген еврей иммигранттар Самуэл Акс пен Рут Сильбовичтың қызы еді. Мэгги Джилленхолдың әпкесі - актриса, және ол әпкесімен «Донни Дарко» фильмінде әріптес болды. Джилленхолдың әкесі сведенборгианизм (христиандықтың жаңа формасы) ортасында тәрбиеленді және ол Йюлленхол атты швед аристократтарының отбасын еді. Джилленхолдың сөзінше, ол өзін «басқа емес, еврей сезінген». Джилленхолдың ата-анасы Джейктың өзін қамтамасыз ету үшін жазда жұмыс істеуін қалаған. Ол суда құтқарушы болып, отбасылық досының мейрамханасында ыдыс жуушы болып қызмет атқарды.
Фильмография ЖылҚазақша атауыШынайы атауыРөл1991фҚалалық ақсаусақтарCity SlickersДэнни Робинс1993фҚауіпті әйелA Dangerous WomanЭдвард1993фДжош және СэмJosh and S.A.M.Леон1994сКөше өміріHomicide: Life on the StreetМэтт Эллисон1998фДоморощенныйHomegrownДжейк / Голубой Кэхэн1999фҚазан аспаныOctober SkyХомер Хикэм2001фДонни ДаркоDonnie DarkoДонни Дарко2001фПарень из пузыряBubble BoyДжимми Ливингстон2001фСүйкімді және тартымды Lovely & AmazingДжордан2002фЖақсы қызThe Good GirlТомас Холден Уортнер2002фТас жолHighwayПайлот Келсон2002фАй сәулесі миліMoonlight MileДжо Нэст2004фБүрсікүніThe Day After TomorrowСэм Холл2005фБүкір тауBrokeback MountainДжек Твист2005фДәлелProofХэл Доббс2005фТеңіз әскеріJarheadЭнтони Своффорд2007фЗодиакZodiacРоберт Грейсмит2007фНұсқаRenditionДаглас Фримен2009фАғайындыBrothersТомми Кэхилл2010фПерсия ханзадасы: уақыт құмыPrince of Persia: The Sands of TimeХанзада Дастан2010фМахаббат пен басқа дәрілерLove and Other DrugsДжейми Рэндалл2011фБастапқы кодSource CodeКолтер Стивенс2012фПатрульEnd of Watchофицер Тейлор2013фЖауEnemyАдам Белл/Энтони Сентклер2013фТұтқындарPrisonersдетектив Локи2014фСтрингерNightcrawlerЛуи Блум2015фАяқасты махаббатAccidental LoveГовард Бёрдуэлл2015фСолақайSouthpawБилли Хоуп2015фЭверестEverestСкотт Фишер2015фҚиралысDemolitionДэвис Митчелл2016фТүнгі жануарларNocturnal AnimalsТони Гастингс / Эдвард Шеффилд2017фТіріLifeМедицина қызметкері Дэвид Джордан2017фОкчаOkjaдоктор Джонни Уилкокс2017фКүштірекStrongerДжефф Бауман2018фЖабайы өмірWildlifeДжерри Бринсон2018фАғайынды СистерсThe Sisters BrothersДжон Моррис2019фБархатная бензопилаVelvet BuzzsawМорф Вандеруолт2019фӨрмекші-адам: Үйден жырақтаSpider-Man: Far From HomeКвентин Бек / Мистерио
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты
Санат:BAFTA марапаты иегерлері