Құнарлы қабат,құнарлы свита, құнарлы горизонт — шөгінді жыныс қабаты; құрамында көмір, су, мұнай мен газ, т.б. пайдалы қазындылардың өндірістік мөлшері бар. Әдетте құнарлы қабат деп бейкентасты және жанғыш қазба байлықтары шоғырланған шөгінді, жанартаулы-шөгінді тау жыныстарының әр түрлі құрамды түзілімдерін айтады. Мысалы, Апшерон түбегіндегі саз, құмайт, құм, құмтас, малтатас, сондай-ақ,конгломераттың өзара алмаса орналасқан қабаттарынан құралған плиоцендік шөгінділер құнарлы қабат деп есептелінеді. Бұл шөгінділердің жоғары бөлігі сурахан, сабучин, балахон свиталарынан, ал төменгі бөлігі үстіңгі және астыңғы кирмакин свиталарынан тұрады. 1912 ж. Н.Н. Андрусов балахон сериясы ретінде сипаттаған осы шөгінділерді 1913 ж. М.В. Абрамович құнарлы қабат деп атады. Олардың жер қыртысы түзілімдерінің әр түрлі стратигрлық қабаттарымен (горизонттарымен) байланысты болатындығын 1914 ж. И.М. Губкин дәлелдеді. Қарағанды көмір алабының таскөмір жүйесінің тентек, ащылыайырық, қарағанды, долинка свиталары, Қаратау фосфорит алабының төменгі кембрийлік, шолақтау свиталары, Каспий маңы ойысы мұнай-газ кен орындарының ортаңғы таскөмірлік жікқабатының кашар қабаты (Жаңажол кен орны), юра кезеңінің неоком мен бат жікқабаттары, девон кезеңінің төменгі — ортаңғы таскөмір кезеңінің шөгінді қабаттары құнарлы қабаттар қатарына жатады. Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Құнарлы қабат · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.