Поль Ван Авер (; 12 наурыз 1985, Брюссель), Stromae (Стромáй) — бельгиялық әнші, рэпер, музыкант және әндер авторы, шыққан тегі руандалық. Сахналық лақап аты Stromae — Maestro сөзінің өзгерген түрі. Биографиясы Stromaeның әкесі — руандиялық, анасы фламанддық. 2000 жылы ол Maestro лақап атын алып, рэп-әлеміндегі жұмысын бастады. Алайда, оның лақап аты оған ұнамай, Stromae деп өзгертеді. 18 жасында Поль JEDI мен (Дидье Жан-Лонган) топ құрады. Содан кейін, олар «Faut qu’t’arrêtes le rap...» әнін жаздырып, бейнебаянын түсіреді. Дегенмен, JEDI дуэтты тастайды. 2006 жылы Stromae Hip-hop Family-ге қатысты, сонымен қатар Juste Debout Benelux-ке қатысты. Оқуының ақысын төлеу үшін, Поль мейрамханада жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Жеке өмірі Stromae 2011 жылдың маусымында бұрынғы Мисс Бельгия Татиана Сильва Брага Тавареспен қатынастарының бар екенін растады. Олар 2012 жылдың қыркүйегінде қатынастарын үзді. Қазіргі уақытта стилист Корали Барбьемен қарым-қатынаста. Дискографиясы Студиялық альбомдар Cheese (2010) Racine carrée (2013) Multitude (2022)

Синглдері .2003 — «Faut qu’t’arrêtes le rap...»(feat. J.E.D.I.) .2009 — «C’est Stromae» .2009 — «Promoson» .2009 — «Up saw liz» .2009 — «Alors on danse» .2010 — «Bienvenue chez moi» .2010 — «Te quiero» .2010 — «House'llelujah» .2010 — «Rail de musique» .2010 — «Peace or Violence» .2010 — «Silence» .2010 — «Je cours» .2013 — «Papaoutai» .2013 — «Formidable» .2013 — «Tous les mêmes» .2014 — «Ta fête» .2014 — «Ave Cesaria» .2014 — «Meltdown» .2015 — «Carmen» .2015 — «Quand c'est?» .2017 — «Repetto X Mosaert» .2018 — «Défiler» .2021 — «Santé» .2022 — «L'enfer» .2022 — «Fils de joie» .2022 — «Mon amour» .2024 — «Ma meilleure ennemie»