Boeing 777 — америкалық Boeing Commercial Airplanes компаниясы жобалап шығарған ұзақ қашықтықты кең фюзеляжды екі реактивті қозғалтқышты ұшақтардың жанұясы. Әлемдегі ең үлкен екі қозғалтқышты реактивті ұшақ болып табылатын Боинг 777 нұсқаларына байланысты 314-тен 451-ге дейінгі жолаушыны 9635-тен 17370 км-ге дейінгі қашықтықта тасымалдай алады. "Үш жетілік" (ағыл. Triple seven) аталып кеткен ұшақтың келесідей ерекшеліктері бар: әлемдегі диаметрі ең үлкен турбореактивті ұшақ қозғалтқышы, негізгі шасси тіректерінде алты дөңгелек, дөңгеленген фюзеляждың кросс-секциялары және өткірленген құйрық бөлігі.Norris, Guy; Wagner, Mark (1996). Boeing 777. St. Paul, Minnesota: Motorbooks, page 89 Сегіз ірі әуе компаниямен ақылдаса отырып жобаланған Боинг 777 ескірген кең фюзеляжды ұшақтарды алмастыру мақсатымен жасалды және Боинг компаниясының өндірістік желісінде 767 және 747 ұшақтарының ортасында орналасты. 777 ұшағы Боинг компаниясының электронды қашықтықтан басқару жүйесімен (ағыл. fly-by-wire) жабдықталған алғашқы коммерциялық ұшағы болды; ұшақтың басқаруы компьютер арқылы орталықтандырылған; сонымен қатар ол компьютер көмегімен жобаланып шығарылған әлемдегі алғашқы коммерциялық ұшақ.
Дереккөздер
Санат:Boeing ұшақтары Санат:Жолаушы ұшақтары