Ысқақ немесе Исхақ () — ислам пайғамбары, Ибраһимның баласы. Құранда Ибраһимға Аллаһтың рақымы түсіп, қартайған шағында оның дінге берік, кіршіксіз өмірі үшін ұл сыйлағандығы айтылады. Ұлының дүниеге келетінін қарапайым жолаушылар болып келіп, оның қонақжай дастарқанынан дәм татқан періштелер хабарлайды.

Аллаһтың Ибраһимға «зейінді ұл» сыйлағаны, ал бұдан соң ол түсінде Аллаһтың ұлын кұрбандыққа шалуын талап етіп, аян бергендігі айтылады. Ибраһим мұны орындауға дайын болатын. Бірақ, Аллаһ Тағала пендесінің адалдығына көзі жеткен соң райынан қайтады. Аллаһ өз үмбетін осылай сынаған еді.Қазақ ЭнциклопедиясыИслам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:Ислам пайғамбарлары