Шымған ұлықбекиясы () – айлауыктар тұқымдасының елікшөп тегінің монотипті туыс өкілі.

Таралуы Шөптесін беткейлерде, төменгі және ортаңғы тау белдеулеріндегі бұта шіліктерінің арасында, солтүстік және Батыс Тянь-Шаньдакездеседі.

Ботаникалық сипаттамасы Шөптесін көпжылдық шашақ тамырлытамырсабағымен және жалбыр түкті сабағымен (биіктігі 60 см-ге дейін).

Жапырақ саны көп, кезектесе орналасқан отырыңқы, сопақ, қандауыр пішінді, барынша үлкен (ұзындығы 6-8 см, ені 2 см). Жапырақты түгелімен түк басқан, сұрғылт жасыл, жүйкелері анық көрінеді.

Гүлшоғыры бұйраланған, гүлдеу мерзімінің басында олар сабақтың ұшына бас құрайды, жеміс салғанда түзеледі, біртіндеп ұзарады. Тостағанша (ұзындығы 1 см) бес бөлікті, таспа тәрізіді түкті. Күлте ашық-сары, ұзын түтікті, сәл ғана қоңыраулы желбірімен, дөңгеленген бес қалпақшаға бөлінген. Аталықтары, күлтенің ішіне жасырынған. Түйін төрт қалақшалы, ұзын бағаналы жәнебастанған аналықтарымен. Ұлықбекия көктемде сәуір-мамырда гүлдейді, жемістері күңгірт-сұр түсті, жылтыр төрт жаңғаққа бөлінеді, тұқымының құрамында қою май бар (15%).

Синонимдары

Қолдануы Бұл өсімдік түрлі халықтық медицинада қолдану жайлы мағлұмат жоқ. Ал ғалымдар тамырынан және үсті бөлігінен жасалған препараттар бүйректің жұмысын жақсартатындығын, сондай-ақ саңырауқүлақтарды жоятындығын дәлелдеді.А. А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі"

Дереккөздер

Санат:Айлауықтар