Төртжапырақты қызғалдақ () – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысының көпжылдық өсімдігі.
Ботаникалық сипаттамасы Төртжапырақты қызғалдақтың биіктігі 10 – 30 см, пиязшығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 1,5 – 2 см, қара, терілі, ішкі жағының ұшы жатаған түкті қабықты.
Сабағы жалаңаш; жапырақ саны – 3 – 6(7), өте жақын орналасқан, қайырылған, бұйра, жалаңаш, кірпікшелі, белдік тәріздіі дерлік, гүлден биік, төменгісінің ені 1 – 1,5 см. Гүл саны – 1 – 2 (4), гүл шанағында бүтілген; гүл серінің ұзындығы 2 – 4 см, сүйірлеу немесе доғал, ашық сары, сыртқыларының сырты күлгін реңді, арқасы жасылдау, ұзынша, ішкілері кері сопақша; аталықтары гүл серігінен 3 есе қысқа, жіпшелері жалаңаш, сары, жоғары жағы кеңейген, түбіне қарай жіңішкерген, тозаңдықтары сары, ұзындығы 7 – 8 мм, түйіні аталықтарынан шамалы қысқа.Б.Ө. Жақып "Қазақстан табиғаты"
Сәуір - мамыр айларында гүлдейді.
Қазақстанда таралуы Тасты беткейлерде өседі. Іле, Күнгей Алатауында кездеседі.
Дереккөздер
Санат:Қызғалдақтар Санат:Лалагүлдер