thumb|right|200px|Зыгмунт Падлевский Зыгмунт Падлевский, (4.1.1836, Кіші Чернявцы, Бердичев маңы — 15.5.1863, Плоцк) — поляк революционер-демократы. Орыс әскерінің офицері.

1861 ж. Италиядағы поляк әскери мектебінің оқытушысы, сонан соң Париждегі «Поляк жастары» революциялық ұйымы басшыларының бірі болды. 1862 ж. поляк көтерілісшілер орталығының басшылық органы — Орталық ұлттың комитет (ОҰК) құрамына кірді, Варшаваның революцияшыл басшысы болып тағайындалды. Қарулы көтеріліс бағытын қолдады. Поляк көтерілісі (1863—1864) басталғаннан кейін Плоцкий воеводствосының әскери басшысы. 22 сәуірде тұтқынға алынып атылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,9том

Дереккөздер

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1836 жылы туғандар Санат:15 мамырда қайтыс болғандар Санат:1863 жылы қайтыс болғандар Санат:1863 жылғы Польяк повстанциялары Санат:Қызылдар ұйымы мүшелері Санат:Орталық ұлттық комитеті мүшелері Санат:Повстанциялық үкіметтер (қаңтар көтерілісі) мүшелері Санат:Брест кадет корпусы түлектері Санат:Ресей империясында атылғандар Санат:1863 жылы өлім жазасына кесілгендер