thumb|right|80px|Пилсудский белгісі Пилсудский Клеменс Юзеф ( 1867, Зулово, Виленщина — 1935 Варшава) — поляк саяси кайраткері. Александр ІІІ-ге қастандық жасауға даярлық жүргіздің деп айыпталды, 1888—92 ж. айдауда болды. 1-дүние жүзілік соғыс кезінде (1914—18) Аустрия-Мажарстан жағында соғысқан поляк легионын басқарды. 1916 ж. аяғында австро-герман басқыншылары құрған «тәуелсіз поляк мемлекеті» «үкіметінің» әскери департамент бастығы. 1918 ж.Пилсудский «мемлекет басшысы» (диктатор) болып жарияланды. 1922 жылдың аяғына дейін осы қызметте отырды. Революция қозғалысты аяусыз жаныштап, Польшаны антисоветтік интервенцияға тартты, 1920 ж. Польшаның Советтік Ресейге шабуыл жасауын ұйымдастыруда елеулі рөл атқарды. 1926 ж. майда Польшада әскери төңкеріс жасап, қатаң тәртіп орнатты, өзі өлгенге дейін іс жүзінде Польшаның диктаторы болды.

Дереккөздер

Санат:Польша премьер-министрлері