Илья Михайлович Франк (1908 ж. - 1990 ж.) — кеңестік физик-ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты, Сталин сыйлығының екі реттік (1946, 1953) лауреаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1971).
Биографиясы 1930 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультетін аяқтағаннан кейін, И. М. Франк Ленинградтағы Мемлекеттік оптика институтында А. Н. Терениннің қол астында жұмыс істеген. 1934 жылдан бастап П. Н. Лебедев атындағы физикалық институтта жұмыс істейді. 1937 жылы Харьков қаласында туған Э. А. Бейлихисқа үйленеді. 1944 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры атанады. 1946 жылы корреспондент-мүше болып сайланса, 1968 жылы КСРО Ғылым Академиясының акдемигі атанды.
1934 жылы П. А. Черенков зарядталған бөлшектер су арқылы өткенде өздерінен жарық бөлетінін байқаған. И. М. Франк пен И. Е. Тамм байқалған эффектті белгілі бір ортадағы бөлшектердің сол ортадағы жарық жылдамдығынан артық жылдамдықпен қозғалысын зерттеу арқылы түсіндірген. Бұл зерттеу жоғарғы энергияны иеленетін ядролық бөлшектердің қозғалысын зерделеудің жаңа тәсілінің шығуына әкелді. Бұл әдістің қазіргі ядролық физика үшін маңызы өте зор болып табылады.
Ғалым 1990 жылы 22-маусымда дүниеден өтті thumb|И. М. Франк Ресей поштасының маркасында|left
Отбасы бірінші әйелі - Э. А. Бейлихис Кеңес Одағының белгілі тарихшысы. Неке 1937-1960 жылдар аралығында созылды. Бірінші некеден ұлы бар. ұлы - А. И. Франк (1941 жылы туған), ядролық физика ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы, әкесі қалдырып кеткен нейтрон физикасы зертханасының басты ғылыми қызметкері екінші әйелі - Марина Михайловна Назарова (1966—1990 жылдар аралығында некеде) ағасы - Г. М. Франк, биолог, КСРО Ғылым Академиясының академигі
Құрмет 2008 жылы И. М. Франктың құрметіне арнайы пошта маркасы шығарылған болатын. 2008 жылдың 1-қазанында Ресей Банкі арнайы номиналы 2 рубль болатын күміс тиын шығарған болатын. Оның артқы жағында Франктың суреті мен Вавилов-Черенков сәулеленуінің графикалық моделі салынған.
Дереккөздер
Санат:23 қазанда туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:22 маусымда қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Нобель сыйлығының иегерлері Санат:КСРО Нобель лауреаттары Санат:Физиктер Санат:КСРО физиктері Санат:Ресей физиктері