Жорди Альба Рамос (кат. және исп. Jordi Alba Ramos; 21 наурыз 1989, Оспиталет-де-Льобрегат, Каталония) — испандық сол қапталдағы қорғаныс ойыншысы. Қазіргі таңда "Интер Майами" сапында және Испанияның ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. 2012 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы.

Мансабы Клубтық Жорди Альбаның ең алғаш футбол клубы каталониялық "Барселона" болады, бірақ ол Барселонада көп болмайды да, испаниялық "Валенсия" футбол клубына өтеді және өзінің кәсіби мансабын осы клубта бастайды.

thumb|upright|left|Жорди Альба Валенсия сапында, 2011 жыл Бұл клубта Альба 28-ші нөмірде өнер көрсетеді. "Валенсия" футбол клубында Альба ең алғаш 2009 жылы 13 қыркүйекте «Реал Вальядолид» клубына қарсы ойнайды. Ол ойында Валенсия 4-2 есебімен жеңіске жетеді, ал "Валенсия" үшін ең алғашқы голын Альба 2010 жылдың 11 сәуірде «Мальорка» клубына қарсы ойында соғады. Ол ойын 2-3 есебімен "Валенсия" жеңіліс табады.

2010 жылдың 16 сәуірінде Альба өзінің екінші голын «Альмерия» клубына қарсы соғады да, 3-0 есебімен жеңіске жетеді. Сол жылдың 23 сәуірінде Альба мадридтік "Реал" клубына соғады, дегенмен ол ойында "Реал" 3-6 есебімен жеңіске жетеді.

2012 жылы маусым айында "Барселона" "Валенсиядан" Жорди Альбаны 14 млн. еуроға сатып алады. "Барселона" сапында Альба 18-нөмірмен қорғаныс шебінде өнер көрсетеді. 8 тамыз күні 2012 жылы Альба "Манчестер Юнайтед" футбол клубына қарсы "Барселона" сапында ең алғашқы ойынын өткізеді.

21 қазан күні Жорди Альбаның "Барселона" сапындағы ең алғаш голы «Депортиво» қақпасына кіреді және сол ойында Жорди Альба өзінің қақпасына да бір гол соғады. 3 қараша күні Испания чемпионатында өзінің "Барселона" үшін екінші голын "Сельтаға" соғады.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2011 жылы қыркүйекте ЕУРО-2012 іріктеу матчтарында алаңға шықты.

2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2014, 2018 жылдары әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері Испания Еуропа чемпиондары: 2012 Валенсия Испания чемпионатының 3 орын иегерлері (3): 2009/10, 2010/11, 2011/12 Барселона Испания чемпиондары: 2012/13, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Испания кубогы: 2012/13, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2020/21

УЕФА чемпиондар лигасы: 2014/15 Клубтар әлем чемпионаты: 2015 Испания Суперкубок иегерлері: 2013, 2016, 2018 УЕФА суперкубогы: 2015

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының футболшылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Химнастик Таррагона ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Интер Майами ФК ойыншылары