Кіші тағанақ (Lanius minor) — маңдайы қара, ашық сұр реңді едәуір ірі денелі (45–60 г) тағанақ.
Биологиялық сипаттама Басқа тағанақтардан гөрі ағашқа үйір, қомақты жақсы жылы қалыпқа келтірілген ұясын көбінесе, әсіресе елді мекенде, ағаш басына биігірек орналастырады. Қылығы және дауысы басқа тағанақтардікіндей. Салындыдағы 4-8 қоңыр және сұр теңбілді жасылдау жұмыртқаларды аналық басады, оны аталығы мезгіл-мезгіл алмастырып, қоректендіреді, қорғайды. Балапандарды ата-енелері бірлесіп жемдейді. Басқа тағанақтар сияқты кіші тағанақ та азық қалдығын тікенектерге шаншып қояды. Әрқашан жұптасып немесе жалғыз-жалғыздан болады, балапандары ұядан ұшқан соң да топ түзбейді. Таралуы Қазақстанда мамырдың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін болады. Африкада қыстайды. Дереккөздер
Санат:Тағанақтар Санат:Еуразия құстары