Алтынжон татрең (Pluvialis apricaria) дене мөлшері маусымқұсқа жуық (200 г шамасында, қанатының алымы - 60 см шамасында) балшықшы құс.

Биологиялық сипаттама Аталықтарының күйттік жасану кезіндегі жонының реңі - алтын түстес сары шұбары бар қара, бауыры, ноқтасы және тұмсық үстіндегі маңдайы - қара. Аналығының жабын қауырсындары осыған ұқсас, дегенмен бауырында ақ теңбілдері болады. Екі құстың да қыста реңі қарауытып, жемсауы, төсінің бір бөлігі және екі қапталы - түтін түстес, бауыры күңгірт ақ түсті болып кетеді. Қолтық ойындысының түсі ақ болады.Ұяларды көтеріңкі үлескілерге салады. Салындыдағы 2-5, көбінесе 4 қоңыр немесе сұр секпілді сарғыштау қоңыр жұмыртқаларды ата-енелері басады. Негізгі қорегі - жануартекті азықтар. Таралуы Батыс Еуропа мен Сібірдің тундрасы және ішінара орманды тундрасына қоныстанады, Қазақстанда ұшып өткенде кездеседі, мұндайда суқоймалардың жағасын бойлап, көбінесе басқа балықшы құстардың тобында жүреді. Көктемде - сәуір- мамырда, күзде қыркүйек-қазанда ұшып кетеді.

Дереккөздер

Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары