Қайрат Болатұлы Тұрлыханов (23 қаңтар 1960, Аягөз ауданы, Семей облысы, Қазақ КСР — 12 мамыр 2020) — қазақстандық мемлекет қайраткері. «Вокзал-Сервис» акционерлік қоғамының президенті.

Өмірбаяны Қайрат Болатұлы Тұрлыханов 1960 жылы 23 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданында туған. Білімі: КСРО ІІМ Алматы мектебі (1980), «Қайнар» университеті (1997), Еуразиялық нарық институты (1999), инженер-техник, халықаралық заңгер, қаржыгер-экономист. Бауыры: Дәулет Болатұлы Тұрлыханов

Найман тайпасының Қаракерей руының Сыбан тармағынан шыққан.

1995-1998 жылдары "Бақты" кеден бекетін басқарды. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметін атқарды. 2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі болды. 2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді. 2010 жылдан "Ақпараттық өндірістік орталық" директоры. "Құрмет" ,"Парасат" ордендерімен марапатталған."2М органында 15 жыл қызмет еткені үшін","ҚР Конституциясына 10 жыл" медальдары бар. 2000 жылдан республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті. 2011 жылдан Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті.«Шығыс жұлдыздары» энциклопедиясы, «Фолиант» баспасы, Астана,2-ші том

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданында туғандар Санат:Семей әкімдері Санат:Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасының иегерлері