Нежинка — Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы ауыл, Нежин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Новоишим ауылынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1409 адам (684 ер адам және 725 әйел адам) болса, 2009 жылы 1253 адамды (590 ер адам және 663 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1944 жылы қаланған. 1944–1997 жылдары астық өсіретін “Рудаевский” кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде Нежинкада ЖШС-тер құрылды. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы елді мекендері