Далай-лама ( (тА ла'и бла ма); ; ᠳᠠᠯᠠᠢ ᠪᠠᠭᠰᠢ) — Тибет буддизміндегі ең басты тұлға.Қазақстан тарихы(18 ғасыр-1914 жыл). 8-сынып оқулығы. Алматы "Атамұра" 2008. 55-бет. XVII ғасырдан 1959 жылға дейін Далай-ламалар Тибеттің теократиялық басшылары болып келетін, бірақ 1959 жылы Тибеттің Қытаймен аннексиялануынан кейін барлық билігін жоғалтты. Соған қарамастан ол бүгінгі күнге дейін де Тибеттің басты діни тұлғасы болып келеді.

Әр далай-лама бодхисаттва Авалокитевараның реинкарнациясы болып саналады. Далай-лама өлімінен кейін монахтар оның нәресте реинкарнациясын іздестіруді бастайды. Көбінесе осыған бірнеше жыл кетеді. Нәрестенің ерекше қасиеттері болу керек және ол түрлі тесттерден өту керек. Содан кейін ол Лхасаға жіберіліп, сол жерде ламалар қоғамында тәрбиеленеді. Далай-Лама мен Панчен-лама — бір-бірімен байланысты тұлғалар, жасы үлкен Панчен-Лама Далай-Ламаның серігі мен мұғалімі болып келеді.

Этимологиясы "Далай" сөзі моңғол тілінен аударғанда "мұхит" — "Ұлы" деген мағынада қолданылады, ал "лама" мағынасы бойынша "діни ұстаз" деген мағына білдіреді.

Тарихы 1578 жылы моңғол халқы мен олардың ханы Алтан-хан буддизм дінің Сонам Гьяцодан қабылдайды. Сонам Гьяцоға сол кезде Далай-Лама лауазымы беріледі және ол Үшінші Далай-Лама болып кетеді. Хошут халқынан қолдау алған V Далай-Лама XVII ғасырда Тибетті біріктіре алды. Сол кезден бастап 1949 жылдың қытайлар басып кіруіне дейін далай-ламалар Тибеттің барлығын басқаратын. Осыған байланысты далай-лама XIV Үндістанға қашуға мәжбүр болады және лауазым шынайы билікті толықтай тәуелсіздікпен бірге жоғалтады. Содан бері далай-лама тек діни қызметті ғана атқара алатын болады.

Далай-ламалар тізімі АтыӨмір сүру жылдарыБасқару жылдарыТибет тілінде/ Уайли транслитерациясындаҚытайланған транскрипциясыБасқа транскрипциялары1.Далай-лама I1391—1474×дге ‘дун ‘грубGêdün ChubГедүн Друп, Гендун Друп2.Далай-лама II1475—1541×Д ‘дун ргя мтшоGêdün GyacoГедүн Гьятсо, Гендүн Гьятсо3.Далай-лама III1543—15881578—1588бсод намс ргья мтшоSoinam GyacoСөнам Гьятсо4.Далай-лама IV1589—1616[?]ён тан гья мтшоYoindain GyacoЙонтан/Ёнтан Гьятсо5.Далай-лама V1617—16821642—1682бло бзаң ргья мтшоLobsang GyacoЛобзаң Гьятсо, Лопсаң Гьятсо6.Далай-лама VI1683—1706[?]-1706тшаң дбьяңс ргья мтшоCangyang Gyaco7.Далай-лама VII1708—17571751—1757бскал бзаң ргья мтшоGaisang GyacoКельсаң Гьятсо, Калсаң Гьятсо8.Далай-лама VIII1758—18041786—1804бьямс спел ргья мтшоQambê GyacoДжампель Гьятсо, Джампал Гьятсо9.Далай-лама IX1806—1815(1808—1815)××луң ртогс ргья мтшоLungdog GyacoЛуңтог Гьятсо10.Далай-лама X1816—1837—тшул хрим ргья мтшоCüchim GyacoТшүлтрим/Чүлтрим Гьятсо11.Далай-лама XI1838—18561844—1856мхас груб ргья мтшоKaichub GyacoКедруб Гьятсо12.Далай-лама XII1857—18751873—1875‘пхрин лас ргья мтшоChinlai GyacoТринле Гьятсо13.Далай-лама XIII1876—19331895—1933тхуб бстан ргья мтшоTubdain GyacoТхубтан Гьятсо, Тхуптен Гьятсо14.Далай-лама XIV1935 —1950 —2011бстан ‘дзин ргья мтшоDainzin Gyaco × «Далай-лама» лауазымы бірінші мен екінші Далай-ламаларға тек олардың өлімдерінен кейін берілді.

×× Тоғызыншы Далай-лама ресми түрде таққа отырғанымен, шынайы билігі болмаған.

Дереккөздер

Санат:Буддизм Санат:Шіркеу титулдары Санат:Буддизм тұлғалары