Ньеньери Яя Туре (фр. Gnégnéri Yaya Touré; 1983 жылы 13 мамырда Буаке қаласында туылды) — Кот-д’Ивуарлық футболшы, Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасының экс-жартылай қорғаушысы. Інісі Коло Туре мен Ибрагим Туре де футболшы. Мансабы Алғашқы қадамдар Туре алғаш рет жастар академиясына АСЕК клубына 1996 жылы оның ұстазы Патрик Ван Рейжендаманың кеңесі бойынша көшіп кетті. Кейін ол Еуропаға көшіп, бельгиялық Беверене клбуында 2,5 жыл ойнады. 2003 жылы жазда «Арсеналдың» бақылауында жүрді, алайда келісім жүрген жоқ. Оның визамен мәселелері туындап, кейін Донецкнің Металлург клубына көшіп, онда 1,5 жыл өнер көрсетіп, 3 рет гол соқты. Олимпиакос 2005 жылы Туре «Олимпиакосқа» көшіп кетті. Жалпы 52 матч өткізіп, 8 рет голмен ерекшеленді. Монако 2006 жылы 15 тамызда «Олимпиакос» Турені 4,5 млн. евроға «Монакоға» сатты. Барселона нобай|солға|Барселонада 2007 жылы 26 маусымда испаниялық Барселона Турені 10 млн.евроға сатып алды. Ресми түрде клубтың президенті Лапорото мен спорт директоры Чичи Бегиристайн қатысып, футболшы 17 нөмерді алды. Алайда кейін Туре кейін Иньестаның бұрынғы 24 нөмерін алды.
Туре алғаш Барса үшін 2007 жылы 26 тамызда Испанияның чемпионатының бірінші турында «Расингқа» қарсы матчта шықты. Алғаш голын Туре 2 қыркүейкте «Атлетик Бильбаоның» қақпасына соқты. Ал, Чемпиондар Лигасында алғаш голын Яя 2008 жылы 9 сәуірде 1/4 финалда «Шальке-04» клубына қарсы соғып, командасына жеңіс әкелді.
Алайда осы маусымда Туре «Барсамен» ешқандай турнирді жеңген жоқ.
Ал келесі маусымды Туре өте сәтті өткізді.
2009 жылы 31 қаңтарда Туре «Мальорки» клубының қақпасына Самуэль Это'оның арқасында керемет голды соқты. 21 ақпанда Туре «Эспаньол» клубының қақпасына ұшып түсіп сол аяқпан әдімі гол соқты, алайда осы матчта командасы жеңіліп қалды.
2009 жылы 13 мамырда Туре Испания Кубогының финалында «Атлетико Бильбаоның» қақпасына төрт ойыншыны алдып, гол соқты.
Осы маусымда Туре үш трофейді ұтып алды: Испания чемпионатының титулы, Испания Кубогі және Чемпиондар Лигасы.
Соңғы маусымын алдыңғы екеуге қарағанда кішкене сәтсіздеу өткізді.
2010 жылы 15 сәуірде Туре Барса үшін соңғы қоштасу голын Испания чемпионатында Депортиво клубының қақпасына соқты. Манчестер Сити нобай|Кот-д’Ивуар ұлттық құрама сатысында 2010 жылы 2 шілдеде Туре «Манчестер Ситимен» 5 жылдық контракқа қол қойып, ресми ойыншысы атанды. Трансфер құны 24 млн.евроға дейін жетті. Қазіргі контракты 2017 жылға дейін созылған.
Жетістіктері
Олимпиакос Грекия чемпионы: 2005/06
Барселона Испания чемпионы: 2008/09, 2009/10 Испания Кубогының иегері: 2008/09 Чемпиондар Лигасының жеңімпазы: 2008/09 УЕФА Суперкубогының иегері: 2009 Клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы: 2009
Манчестер Сити Англия чемпионы: 2011/12, 2013/14 Англия Кубогының иегері: 2010/11 Футболдық лига Кубогының иегері: 2013/14 Англия Суперкубогынің иегері: 2012
Жеке Африканың жыл футболшысы: 2011, 2012 , 2013
Дереккөздері
Санат:Кот-д’Ивуар футболшылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Африканың жыл футболшылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:Кот-д’Ивуар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары Санат:Кот-д’Ивуар футбол жаттықтырушылары