Хесус Навас Гонсалес (исп. Jesús Navas González; 1985 жылы 21 қарашада Лос-Паласиос-и-Вильяфранка қаласында туылды) — испаниялық футболшы, «Севилья» мен Испания ұлттық құрамасының вингері.

Клубтары Севилья нобай|солға|Севильяда 17 жасында Хесус өзінің жергілікті командасының негізгі құрамында ойнай бастады. «Севильяда» өзінің үлкен ағасы Маркуспен бірге ойнап жүрді. 2004/05 маусымда негізгі құрамның тұрақты ойыншысы болып, 23 ойын ойнап, 2 рет голмен ерекшеленді. Жас жартылай қорғаушының сәтті ойынының арқасында клуб 2005 жылы контракты тағы да 5 жылға созуды жөн көрді.Келесі маусымдарда комадасынының үздік ойыншыларының бірі болды. 2007/08 маусымда Навас барлық турнирлерді есептегенде 50 ойын өткізіп, 5 гол тықты. Манчестер Сити 2013 жылы 1 шілдеде Навас «Манчестер Ситиге» көшіп кетті. Трансфер құны 20 млн. еуроны құрады. Алғаш рет жаңа клуб үшін «Ньюкаслға» қарсы ойында шығып, командасына 4:0 есебімен жеңуге көмектесті. Алғаш голын кубоктік матчта «Уиган Атлетиктың» қақпасына соқты. Ал чемпионатта Тоттенхэмге қарсы дубльмен және бір голдық доппен ерекшенді. Ұлттық құрамада нобай|солға|Испания құрамасында, Конфедерация кубогі 2013 Испанияның 2004-2005 жыл аралығындағы жастар құрамасында өнер көрсетті. 2008 жылы жазда Навас жастар құрамасы үшін 5 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Алайда 2008 жылы негізгі құрамға шақырылмай, Еуро-2008 чемпионатына қатыспады.

Алғаш рет негізгі құрам үшін тек 2009 жылы 14 қарашада Мадридта Аргентинаға қарсы ойында шықты, құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жеке өмірі Хесустың ағасы Марко да футболшылардың бірі.

Хесус хроникалық сағынышпен қиналады, сондықтан Севильидан тыс жерде көп бола алмайды. Сондай ақ Наваста паникалық аурулар мен эпилепсия байқалған. Жетістіктері Севилья УЕФА Кубогінің иегері: 2006, 2007, 2020, 2023 УЕФА Суперкубогінің иегері: 2006 Испания Кубогінің иегері: 2007, 2010 Испания Суперкубогінің иегері: 2007 Манчестер Сити

Премьер-лига чемпионы: 2013/14 Англия Кубогінің иегері: 2014 Испания ұлттық құрамасы

Әлем чемпионы: 2010 Еуропа чемпионы: 2012 Сілтемелер Севильяның ресми сайтында профилі soccerbase.com сайтында профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары