Пирсон Лестер Боулс (23. 4. 1897, Торонто,— 27. 12. 1972, Оттава) — Канаданың мемлекет қайраткері, либерал. Торонто және Оксфорд университеттерінде білім алды. 1948 жылдан парламент мүшесі. 1948—57 ж. сыртқы істер министрі. 1958 жылдан Либералдық партияның басшысы (1968 жылға дейін). 1963—1968 ж. премьер-министр. Пирсон үкіметі 1963 ж. Канада қарулы күштерін американ ядролы қаруымен қаруландыру және Канада жерінде американ ядролы қаруын орналастыру жөнінде АКШ-пен келісім жасасты.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том Дереккөздер

Санат:Тұлғалар

Санат:Канада саясаткерлері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері