Құз кептер () - көк кептерден аздап ірі денелі құс, одан едәуір таза сұр көкшіл түсімен және құйрығындағы жалпақ ақ жолақтары бойынша ерекшеленеді.
Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Корея, Шығыс және Орта Сібірдің оңтүстігінде қоныстанады. Қазақстанда тек қана оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында (құз) ұялайды. Өте сирек кездеседі. Бұл - тау кептері, әдетте теңіз деңгейінен 2000 м жоғары өмір сүреді. Аймақтың жазықтық бөлігінде әр алуан суқоймалардан жоғары жарлар мен жартастарға орнығады. Кей жерлерде (біздің елде емес) тас қалаларда ұялауға көшті. Ұяларын таушаларға салады. Отырықшы, шоғыр түзетін құс.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Қазақстанда құз кептер туралы қанағат тұтарлық мәлімет жоқтың қасы.
Дереккөздер мектеп энциклопедиясы "Құстар", автор: а.Ф. Ковшарь, В.А. Ковшарь
Санат:Азия құстары Санат:Кептертәрізділер