Поливанов Евгений Дмитриевич (12. 3. 1891, Смоленск,— 25. 1. 1938) — орыс шығыс зерттеушісі, түрколог.

Петербург университетінің профессоры (1919). Ол 1912 ж. Петербург университетін және шығыс практикалық академиясын бітірген соң, сонда салыстырмалы тіл білімі кафедрасында (жетекшісі — И. А. Бодуэн де Куртенэ) қалдырылды. 1917 ж. Сыртқы істер халық комиссариатын құруға қатысып, онда 1918 ж. февралына дейін Шығыс елдері бөлімін басқарды. 1921 ж. Мәскеуде, кейін Ташкентте (1926 ж. дейін) Коминтернде қызмет етеді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:1891 жылы туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Шығыстанушылар Санат:Түркітанушылар Санат:Профессорлар